Екі аптаның ішінде медиа мектепке қатысушылар еліміздегі ең ірі интернет-порталдың қалай жұмыс істейтінін көре алады. Сондай-ақ, жақсы оқылым жинайтын және виральды материалдарды дайындау, әлеуметтік желілерде жариялау, сәтті YouTube жобаларды мен жарнама берушілерге арналған нативті жобаларды жүзеге асырудың жолы көрсетіледі.
Мектепке келетін әр адам келешекте NUR.KZ командасының қатарына қосылып, өз материалдарынан мыңдаған оқылымдар жинау мүмкіндігіне ие болады.