PR-МАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
PR-МАТЕРИАЛДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Мақаланың тақырыбы, лиді және мәтіні NUR.KZ жаңалықтар стиліне сәйкес келуі керек.
2. NUR.KZ редакциясы мақаланың тақырыбына, лидіне немесе мәтініне қалауы бойынша түзетулер енгізуге құқылы.
3. NUR.KZ редакциясы материалды себебін түсіндірместен орналастырудан бас тартуға құқылы.
4. Ақылы негізде орналастырылған барлық материал міндетті түрде «Жарнама құқығында»/PR құқығында» белгісімен жарияланады.
5. Белгісі жоқ мақалаларды орналастыру NUR.KZ редакциясымен алдын ала келіскеннен кейін орналастырылады.
6. Жарнамалық мақалалар оның жарияланатын күнін алдын ала бекіту шартымен орналастырылады.
7.1. NUR.KZ жаңалықтар лентасындағы мақала хабарландыруының орны бекітіледі:
  • «TOP жаңалықтар» - 4 немесе 5 орын;
  • «Қазақстан және әлем жаңалықтары» - 5, 6 немесе 7 орын;
  • Айдарда – 4 немесе 5 орын.
7.2. «Баспасөз хабарламаларында» жарияланған мақала сайттың басты бетінде бекітілмей жарияланады.
8. Мақала басты бетте тәулік бойы тұрады, яғни таңғы сағат 09:00-ден келесі күнгі сағат 09:00-ге дейін көрінеді.
9. Орналастыру уақыты аяқталғаннан кейін жарнамалық мақала редакцияның қалауы бойынша таңдалған айдардың («Қазақстан және әлем жаңалықтары», «ТОП жаңалықтар» және «Баспасөз релиздері» айдар болып саналмайды) мұрағатына жіберіледі немесе өшіріледі.
10. Редакцияның қалауы бойынша іздеу жүйелерінде беттің индекстелуі өшірілуі мүмкін.
11. Жарнама беруші ұсынылған материалдарға авторлық құқықтың сақталуына жауапты болады.
Материалдар уақытылы ұсынылмаған жағдайда өтіп кеткен уақыт өтелмейді.
PR материалдарымен жұмыс істеу ережелері
1. Материалды жарияламас бұрын клиентке мақаланың алдын ала нұсқасы - сілтеме (превью) ұсынылады.
Тақырып, мәтін, суреттердің орналасуы, материалдағы сілтемелер және т.б. келісіледі.
2. Жарияланғаннан кейін мақаланың бастапқы мағынасын бұзбай, мәтінді фрагментті түзету, суреттердің орнын реттеу немесе ауыстыру түрінде бір рет өзгерту енгізуге болады.
3. Жарияланғаннан кейін мақаланың атауын өзгерту мүмкін емес.
Мақала форматында орналастырылатын материалдарға қойылатын талаптар
1. Мәтіннің көлемі (тақырыпсыз және лидсіз) келесідей болуы керек:
- бос орынсыз кемінде 1000 таңба болуы;
- бос орындарды қосқанда 4000 таңбадан аспауы керек.
2. Мақала тақырыбы NUR.KZ форматына сәйкес болуы керек (7-8 сөзден аспауы керек) немесе NUR.KZ редакциясы түзетеді.
3. Материалдың мәтіні мақала жазылатын тілдің емле және тыныс белгілерінің ережелеріне сәйкес болуы керек.
4. Материалда 1-ден 5-ке дейінгі фотосуреттер болуы мүмкін.
5. Басты сурет пішімінің арақатынасы 16:9 болуы керек. Басқа пішіммен берілсе, сурет автоматты түрде қажетті пішіммен қиылады.
6. Материалда Youtube-қа алдын ала жүктелген бір бейне болуы мүмкін.
7. Мақаланың мағынасына қажет болса, бөгде ресурстарға 1-3 мәтіндік сілтемелерді пайдалануға рұқсат етіледі.
8. PR белгісі бар мақалаларға пікір қалдыру функциясын мақала жарияланғанға дейін алдын ала келісім бойынша өшіруге болады. PR белгісі жоқ мақалаларда пікірлерді өшіру мүмкін емес.

Фотоға қойылатын талаптар:
- Ені 1200 пиксель және биіктігі 800 пиксель болатын көлденең бағытталған сурет. Талап етілетін пішім арақатынасы 16:9.
- Фото форматы - JPEG немесе PNG; максималды салмағы - 2 Мб дейін.
- Фотосурет түрлі-түсті болуы керек. Ақ- / қара және бір түсті реңктердегі суреттер қабылданбайды.
- Фотосуреттер бөлек файлдар ретінде беріледі (суреттерді Word құжатына енгізбеңіз, т.б.).
- Мәтінде фотосуреттің орналасқан жерін көрсету керек.
- Фотофайлдың атауы мақаладағы орынның реттік нөміріне сәйкес келуі керек.
- Фотосуретте балалар болса, жариялау үшін ата-анасының немесе қамқоршысының жазбаша келісімі қажет.
Фоторепортаж форматында орналастыруға арналған материалдарға қойылатын талаптар
Мақалаға қойылатын талаптар фоторепортаж форматындағы материалға да қолданылады. Одан бөлек:
1. Фотосуреттер саны 8-16 болуы және олар материалдағы реті бойынша нөмірленуі керек .
2. Әрбір фотосурет 1-3 сөйлемнен тұратын мәтіндік сипаттамамен бірге берілуі керек.
Материалдарды әлеуметтік желілерде орналастыру үшін қойылатын талаптар
Instagram:
1. Хабарлама мәтіні 2000 таңбадан аспауы керек және жоғары сапалы шаршы өлшемді сурет (1080*1080 пиксель) қажет. Сурет бетінде мәтін мейлінше аз болуы керек.
2. Stories:
а) жоғары сапалы 1080*1920 px кескін;
б) тігінен түсірілген видео (9:16), ұзақтығы 60 секундқа дейін болуы керек, файл пішімі mp4, видео өлшемі 150 Мб дейін.
3. IGTV үшін видео:
- Файл пішімі - mp4.
- Тігінен түсірілген видеолар пішімі 9:16 және көлденең түсірілген видеолар үшін 16:9 (шаршы видеолар тік немесе альбомдық ойнатқышта қиылады).
- Видеоның қысқалығы - 1,5 минут, ең ұзағы - 5 минут.
- Видео өлшемі - 150 Мб дейін.
4. Тікелей эфир:
- Максималды уақыт 59 минут.
- Стористе хабарландыру үшін эфир күнін, уақытын, тақырыбын, клиенттің парақшасына сілтемені, сұхбат сұрақтарын, фотосуреттерді және спикер деректерін алдын ала жіберу қажет.
- Эфирді тек бірлесіп өткізуге болады, NUR.KZ аккаунттары арқылы кіруге рұқсат етілмейді.
- Клиент аккаунтындағы интернеттің дыбыс сапасы мен тұрақтылығы үшін клиенттің өзі жауапты.

Telegram:
1. Бос орындармен қоса санағанда 700-ден аспайтын таңбадан тұратын мәтін. Мәтін, сілтемелер, суреттер бөлек берілуі керек.
2. Видео өлшемі 5 Мб аспауы, mp4 файл пішімінде болуы керек.
3. Пост арнаға бекітілмейді.
4. «PR құқығында» немесе «Жарнама/серіктестік материалы» белгісі қажет.
5. Басқа арналардан репост жасау мүмкін емес.

ВКонтакте + Facebook:
1. Бос орындармен қоса санағанда максимум 500 таңбадан тұратын мәтін. Мәтін, сілтемелер, суреттер бөлек берілуі керек.
2. Жазбалар бекітілмейді. Жазба пікірлері өшірілмейді.
3. Жарнамаланатын тақырыптарға шектеулер бар. Мәлімет алу үшін менеджерден сұраңыз.

TikTok:
1. 15 секундтан 1 минутқа дейін созылатын дайын видео.
2. Көлемі: 1080x1920 px, 16:9 пішімі.
3. Файл пішімі mp4 немесе MOV, өлшемі 250 Мб дейін.
4. Музыка алдын ала модерациядан өтеді немесе әлеуметтік желі кітапханасынан таңдалады.
5. Жариялау кезінде оң жақтағы #prқұқығында хэштегін пайдалану керек.
Әр әлеуметтік желінің ережелеріне сәйкес, жариялауға арналған контент үшінші тұлғалардың авторлық құқығын бұзбайтын болуы керек!

Кез келген фото/бейне материалдың авторлығы болуы керек немесе коммерциялық мақсатта пайдалануға рұқсаты бар стоктардан алынуға тиіс.
Сол себепті материалдар ұсынылған медиаконтентке құқықтары бары жазбаша расталғаннан кейін ғана жариялауға қабылданады.

Аудио трек тек әлеуметтік желінің кітапханасынан алынады. Бейнеге музыканы алдын ала таңдап, тректің авторы мен атауын, қай секундтан пайдалану керектігін нақтылау керек.
Жарнамаланатын тақырыптарға шектеу бар. Қосымша мәлімет алу үшін менеджерге хабарласыңыз.
БАННЕРЛІК ЖАРНАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
БАННЕР ПIШIМДЕРI